05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №355

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 қараша, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1, 29-1-бабтарына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9303 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтын көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, баспасөз басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жолдауды; 2) бұйрықтың күші жойылды деп тану және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды; 3) қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-күрес агенттігінің төрағасы _____________ Қ.П. Қожамжаров 2015 жыл 20 қараша